Жарнама
Жарнама

«Каспий» тәжірибелі жартылай қорғаушымен толықты

12.03.2025, 12:16

Бізге келген инсайдтық ақпаратқа сай, Жақып Қожамберді «Каспий» футбол клубымен келісімге келген.

Жақып Қожамберді
Жарнама
Жарнама

33-жастағы футболшы өткен маусымды «Хан-Тәңірі» командасының сапында өткізген болатын. Тараз футболының түлегі сондай-ақ, «Оқжетпес», «Жетісу», «Қыран», «Тараз-Қаратау», «Лашын-Тараз» және «Астана» командаларының жейдесінде өнер көрсеткен. Жалпы, ҚПЛ-де 157 матчта алаңға шығып, 13 гол соғып, 5 ассист берді. Жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасының сапында 2015-жылы дебюттік кездесуін өткізді. Жалпы, ұлттық команданың намысын екі ойында қорғаған еді.

Жақып Қожамберді енді Бірінші лигада ақтаулық команданың жейдесінде доп теппек. Айта кетейік, «Каспий» былтыр Бірінші лиганы үшінші орынмен аяқтаған болатын. Ал «Хан-Тәңірі» клубы бесінші сатыға жайғасты.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров