"Каспий" клубы Премьер-лиганың үшінші турында талдықорғандық "Жетісумен" кездесті. Ақтау қаласындағы "Жас Қанат" стадионында өткен матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 12-минутында "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы Вайди Сали пенальтиден гол соқты. Ал 82-минутта Руслан Мингазов есепті еселеді.
Осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген ақтаулық клуб 4 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. Ал үш ұпайы шегерілген талдықорғандық клуб он екінші орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET