Жарнама
Жарнама

Карвахаль: "Рауль-Реал Мадридтің тарихындағы ең үздік ойыншы. Месси, Роналдуға қарағанда футболға үлкен серпіліс әкелді"

28.07.2018, 00:03
Жарнама
Жарнама
"Реалдың" қорғаушысы Даниэль Карвахаль Криштиану Роналду жайлы әңгімеледі. Естеріңізге сала кетсек, португалдық шабуылшы мадридтік клубты тастап, туриндік "Ювентус" сапына ауысқан болатын. Карвахаль бұрынғы әріптесі Роналду мен Мессиді өзара салыстырып, Реалдың тарихындағы ең үздік ойыншыны атаған болатын. Карвахаль: "Роналду мен Мессиді салыстыру қиын. Месси футболда адамның ақылына симайтын нәрселерді жасайды. Оның пастары, дриблингтері қарсыласты сан соқтырып кетеді. Оған қоса жанкүйерлерді өз ойынымен бірден баурап алады. Ал, Роналду-айып алаңының ойыншысы, ол гол соғу үшін барлығын жасайды. Бірақ, ол допты өзінде ұстап, көп мүмкіндікті сарп етеді. Месси мен Роналдудың айырмашылығы осында". Рауль - Реал Мадридтің тарихындағы ең үздік ойыншы. Өз командасын алға жетелеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізген командалық ойыншысы. Ол футболда жылдам жүгірмеді, баспен дұрыс ойнай алмады. Бірақ, бапкердің айтқан тапсырмасының бәрін дұрыс жасады. Бұл оның мақсаттарының жарқын екендігімен қоса «Реалдың» жанкүйерлері үшін барлығын жасағанын дәлелдейді, - деді  Карвахаль.

Дайындаған Әлішер Хабидолла

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров