Жарнама
Жарнама

Карлос Алос: қақпамызды голдан сақтап қалу үшін ғана келген жоқпыз

02.08.2018, 09:25
Жарнама
Жарнама
Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің «АЗ Алкмаар» клубымен болатын қарымта кездесу алдындағы баспасөз жиынында «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос журналистермен ойын туралы ойымен бөлісті. Назарларыңызға сұхбаттың маңызды тұсынан үзінді келтіруді жөн көрдік. - Біздің келесі кезеңге өтуімізге барлық мүмкіндіктеріміз бар, себебі бізде талантты ойыншылар жетерлік. АЗ үлкен команда екенін түсінеміз, алайда, біз мұнда алғашқы кездесу біз үшін сәтті өтті деген оймен келген жоқпыз. - Ертеңгі матчта Сіздер қорғанысқа басты назар аударасыздар ма, әлде біз Алматыда көрген «Қайратты» көре аламыз ба? - Егер біз қорғанысты өте төмен орналастыратын болсақ, біз үшін матч ұзаққа созылады, сондықтан өз ойыншыларыма допқа иелік етудің маңыздылығын жеткізгім келеді. Біздің білуімізше, АЗ допты бақылауда ұстап ойнауға тырысады. Біз қорғанысқа негізделген футбол ойнамаймыз. Әрине, біз мұнда қақпамызды голдан сақтап қалу үшін ғана келген жоқпыз, біз ертең допқа иелік ететін боламыз. Егер, біздің Қазақстан Премьер-Лигасындағы ойындарымызды алып қарасаңыз, үнемі бірінші нөмірмен өнер көрсететінімізді көресіз. Алайда, бұл футбол. Ертең өзімізді көрсетуге 90 минуттық зор мүмкіндік болады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров