"Қайраттың" бас бапкерлі Карлос Алостың "АЗ Алкмаар" клубымен жеңісті ойынынан кейінгі кездесу туралы ойын назарларығызға ұсынамыз.
- Біріншіден, команданы келесі кезеңге өтуімен құттықтаймын! Мен ойыншыларыма және бүгін ойынға келген жанкүйерлерге ризамын. Меніңше, олар да келесі кезеңге өтуге толықтай лайықты болды. Сонымен қатар, бұл Қазақстан футболы үшін өте маңызды деп ойлаймын. Ойын бойынша айтарым, жоспарымызға сай өнер көрсеттік. Біздің ойыншылар өте тығыз ойнады, бүкіл ойын барысында өте жақсы қорғана білдік. Екі голды да стандартты жағдайдан жіберіп алдық: бірін, бұрыштамадан, екіншісін, пенальтиден. Келесі кезеңге өтуге лайықты болдық, мен ойыншыларыма, клубқа және осы жеңіс үшін қызмет еткендердің барлығына ризашылығымды білдіремін. Алайда, біз басты мақсатымызға әлі жетпегенімізді естен шығармауымыз керек. Бізді алдымызда әлі көп нәрсе күтіп тұр. Жұмысты одан ары жалғастыруымыз қажет.
fckairat.com