Жарнама
Жарнама

Карлос Алос: әлі алдымызда өте күрделі 90 минут бар

27.07.2018, 06:14
Жарнама
Жарнама
"Қайраттың" өз алаңындағы голландиялық азулы "АЗ Алкмаар" клубын жеңгеннен кейін алматылықтардың бас бапкері ойын туралы ойын жеткізді. Назарларыңызға кездесуден кейінгі баспасөз жиынынан үзінді ұсынамыз. - Бұл жеңіс ел үшін де команда үшін маңызды, біз жеңіске ризамыз. Алдымызда қарымта ойын бар, ол ойынның өте күрделі боларын білеміз. Алғашқы ойында қарсыласты таң қалдырдық, әлі 90 минут күтіп және ол 90 минут өте қиын болады. Ойында тығыз ойнауды жоспарладық, позициялық ойында қарсыластың өте жақсы ойнайтынын білдік. Қарсылас қорғаушыларының артындағы аймақтарға жылдам шабуылға шығуды ойладық. Бізде бірнеше жақсы сәттер болды, команда тамаша ойын өткізіп, жағымды нәтижеге қол жеткіздік. - Бұл жеңістен кейін командалардың мүмкіндіктері қандай және психологиялық жағынан команданың жайы қандай болмақ? - Екінші іріктеу кезеңі әлі аяқталған жоқ. Әрине, жақсы нәтиже жасай алдық, маңыздысы, бүгін қақпамызды голдан сақтап қалдық. Енді қонақта бір гол салсақ, қарсылас төрт гол салу керек болады. Сондықтан гол жібермегеніміздің маңыздылығы өте зор. Ал психологиялық жағын айтар болсақ, Шымкенттегі жеңілістен кейін менен команданың ынта-жігері туралы сұраған. Мен бәрі жақсы деген жауап бердім. Біз Еуропа Лигасының топтық кезеңі мен ішкі біріншіліктегі жеңіс үшін бұдан әрі де күресе береміз.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров