![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/07/садуов-480x320.jpg)
Бүгін Орталық алаңда Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің матчы аясындағы «Ертіс» пен «Тракай» ойыны алдындағы команда бапкерлері мен ойыншылардың баспасөз жиындары өтті.
«Ертістің» жаттықтырушысы Ойрат Садуов пен капитаны Никита Калмыков жанкүйерлердің үмітін ақтау қажет екендігін алға тартты,-деп клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
- Кубок ойындары үшін командалық тактикадан ауытқуға тура келеді. Қарсыластың қарымта шабуылдары аса қауіпті. Стандарттары ұйымдастырылған. Кездесу қиын болады. Келесі кезеңге өту үшін бар күшімізді жұмсаймыз, - деді Ойрат Садуов.
-Келесі кезеңге өту арқылы, Премьер-Лигадағы сәтсіздіктерге көз жұмдырып, жанкүйерлердің бізге деген сенімдері артса екен дейміз,-деп атап өтті ойыншы.
Назарларыңызға сұхбаттың толық нұсқасын ұсынамыз.
https://youtu.be/KNVNxd4fyHw