Жарнама
Жарнама

«Қайсардың» бұрынғы легионері Бақтияр Артаевты сынға алды: шешім қабылдаған адам осыған дейін қандай жұмыс атқарылғанын түсінбейтін сияқты...

21.02.2025, 13:57

Биылғы маусымда «Қайсардың» легионерлерсіз ойнайтынын білесіздер. 

Руслан Юденков "Қайсар" жейдесінде
Жарнама
Жарнама

Былтыр сыр елінің командасында доп тепкен Руслан Юденков Sports.kz порталына көлемді сұқбат беріпті. ҚПЛ-2025-те «Тұранның» намысын қорғайтын Беларусь футболшысы қызылордалық клубтағы өзгерістерге қатысты пікірін ортаға тастаған болатын.

«Команда құрамы бір емес, бірнеше жылда жақсы жинақталған еді. Барлығы бір-бірін түсініп қалған болатын. Міне сондай команданың бір күнде быт-шытын шығарды. Шешім қабылдаған адам осыған дейін қандай жұмыс атқарылғанын түсінбейтін сияқты, әйтпесе, биыл еурокубокқа жолдама берілетін орындарға таласуға болар еді. Сосын Қызылордада салынып жатқан жаңа стаидонға еуропалық командалар әкелер едік. Мұның бәрі балалардың қызығушылығын туғызатын мүмкіндік еді ғой. Былтыр «Ордабасы», «Елімай» сияқты командалардан қалай жеңісті жұлып алдық. Осындай эмоцияларды сезінген адам мұндай шешім қабылдамас еді», - дейді Руслан Юденков.

Естеріңізде болса, жыл басында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев «Қайсардың» легионерлерсіз ойнайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін клуб шетелдік футболшыларымен қоштасқан болатын. «Қайсар» өткен маусымды 8-орынмен аяқтады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров