Жарнама
Жарнама

«Қайсардың» бапкері: биылғы нәтижеміз қалай болар екен деген ой мазалайды

22.02.2025, 15:50

«Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков қызылордалық клубтың құрамын жасақтауға байланысты ойларын ортаға салды.

Виктор Кумыков
Жарнама
Жарнама

«Егер бізге ҚПЛ-2026-ны легионерсіз өткізесіңдер деп ескертсе, ақырындап дайындалатын едік. Ал бізде шешуші позицияларда бес-ақ легионер - қақпашы, орталық қорғаушы, жартылай тіреуші қорғаушы болған. Ондай ойыншыларды ҚПЛ-ден енді таба алмаймыз. Қазақстан премьер-лигасының деңгейіне татитындарын табу қиын болады дегенім ғой. Ондай ойыншылар Қазақстанның беткеұстар клубтарында. Ал қазір біздегі құрамның жартысы жастар командасында ойнауы тиіс. Енді осының барлығын ескере келе биылғы нәтижеміз қалай болар екен деген ой мазалайды», - деді В. Кумыков. 

Қызылордалық клуб былтыр шағын бюджетпен ҚПЛ-ді сегізінші орынмен аяқтады. Естеріңізде болса, жыл басында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев «Қайсардың» легионерлерсіз ойнайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін клуб шетелдік футболшыларымен қоштасқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров