Жарнама
Жарнама

Қайсар македониялық клубты жеңді

Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында алғашқы жеңісіне жетті. «Дала қасқырлары» Солтүстік Македонияның «Шкупи» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1-0 есебімен басым түсті.

Жарнама
Жарнама

Виктор Кумыков шәкірттері ә дегеннен шабуылға ұмтылып, ойынның небәрі 3-минтуында гол соқты. Әріптестерінен сұңғыла пас алған Нұрдәулет Ағзамбаев қақпашыдан айласын асырып, тамаша мүмкіндікті мүлт жібермеді. Одан кейін екі командада қанша алға ұмтылғанымен таблодағы нәтиже өзгеріссіз қалды. Жаңа маусымда тек қазақстандық футболшылармен ойнауға шешім қабылдаған «Қайсардың» бұл жолдастық матчтардағы әзірге алғашқы жеңісі. Яғни, психологиялық тұрғыда маңызы зор. Оның үстіне қарсыласы да осал емес. «Шкупи» былтыр Македония чемпионатында қола жүлдегер атанған. Енді қызылордалықтар келесі жолдастық кездесуін 7 ақпанда қырғызстандық «Өзген» клубына қарсы өткізеді.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: