Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» легионері: Футбол тұрғысынан қарағанда Қазақстанда кішігірім дағдарыс байқалады

10.03.2025, 17:50

«Қайраттың» ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин Қазақстандағы футболдың дамуы мен инфрақұрылымы жайлы пікірін айтты.

Егор Сорокин
Жарнама
Жарнама

Алматылық клубтың орталық қорғаушысы былтыр «Елімайдың» намысын қорғаған болатын. 

«Өмір сапасы жағынан ештеңе айтпаймын. Ал футбол тұрғысынан қарағанда, кішігірім дағдарыс байқалады. Сегіз жылда инфрақұрылым жағынан көп өзгеріс жоқ. Қалай дегенде де бір жерге 8 жыл салып қайтып оралғанда бір өзгерістің боларын күтесің ғой. Мүмкін ол бар да шығар, бірақ ауыз толтырып айтатындай емес. Футболдың өзінің деңгейі де біраз төмендеп кеткендей. Сегіз жыл бұрын мансабын енді бастаған жас ойыншы болдым. Қазір қайтып келіп отырмын. Менің үміттерім өзгеге қызық емес, әрине, бірақ осыншама уақытта футболдың деңгейі едәуір арта ма деп күткем. Салыстырып айтсақ иә, Ресейдегі жылдамдық бұл жақтан басқашалау», - деді «Қайраттың» қорғаушысы «РБ Спорт» қа берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Егор Сорокин 2016-жылы бір маусым «Ақтөбе» намысын қорғаған. Сондай-ақ, 29-жастағы ойыншы ресейдің «Тосно», «Нефтехимик», «Рубин», «Краснодар» жейдесінде өнер көрсеткен еді. Футболшының нарықтық құны 900 мың еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров