Евгений Аверченко «Қайрат» - «Ордабасы» кездесуі туралы пікірін айтты.
Ардагер футболшының ойынша, алматылық клуб бұл ойынның фавориті. ҚПЛ-дің екінші турындағы матч қазір 18:00-де басталады.
«Бірінші турда өзгелердің ішінде маған «Қайрат» көбірек ұнады. Ойынның барлық қырларын айтқанда. Команда бабында. Бүгін екі клубтың мүмкіндігі бірдей, бірақ сәл басымдық алматылықтардың жағында болатын сияқты. Оның үстіне «Қайрат» өзінің алаңында ойнамақ. Бірінші турда қос команда да бір ұпайдан алған, енді ҚПЛ-дегі алғашқы жеңістерін тіркеуді ойлайды. Қалай дегенде де, ешкім ұпайдан қағыс қалғысы жоқ. Сондықтан, бүгін тартысты матч күтемін», - деді Е. Аверченко.
Айта кетейік, чемпионаттың бірінші турында «Қайрат» «Астанамен» ұпай бөліссе «1:1», шымкенттік клуб «Ақтөбемен» тең тарқасты 0:0.
Біздің серіктес: FONBET