Дан Глейзер жақын аралықта алматылық команданың қатарын толықтыруы мүмкін.
28-жастағы жартылай қорғаушының құқықтары «Пари НН» клубына тиесілі. Ресейлік ұжым сапында барлық турнирлерде 15 матчта алаңға шығып, голдық бір пас берген. Тельавивтік «Маккаби» түлегі «Пари НН» жейдесін былтыр шілдеде киді. Жалпы, спорттық мансабында одан бөлек, «Маккаби» (Тель-Авив), «Маккаби» (Нетания), "Бейтар" (Тель-Авив/Бат-Ям) және грекияның «ОФИ» командасының намысын қорғаған. Глейзер 2018-жылдан бері Израиль ұлттық құрама командасының намысын қорғап келеді.
Футболшы мен ресейлік клубтың келісімшарты 2027-жылдың 30-маусымына дейін жарамды. Transfermarkt порталына сенсек, ойыншының нарықтық бағасы 700 мың еуроға тең.
Біздің серіктес: FONBET