Қазақстандық ардагер футболшы Юсуп Шадиев құрама команданың бас бапкерлігіне Әли Әлиевтің неліктен лайық екенін түсіндірді.
Айтуынша, жергілікті бапкер ұлттық құраманың басшылығында үлкен жетістікке жетуі тиіс.
«Әли Әлиев сөзсіз ұлттық құраманы жеке дара жаттықтыра алады. Лайық кандидат. Өзі де кезінде құрама намысын қорғаған, белгілі дәрежеде тәжірибесі бар. Оның үстіне Әлиевтің шетелдік бапкерлерден бір артықшылығы бар - ол жергілікті чемпионаттың ішкі жағдайымен жете таныс, ойыншыларды жақсы біледі. Әли ҚПЛ клубтарының бапкерлері Карпович, Смақов, Уразбахтин мен Жұмасқалиевпен үнемі байланыста болады. Олардың дені бач бапкермен бір уақытта доп тепті ғой. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы премьер-лига командаларының бапкерлерімен етене жақын араласуы тиіс. Әли Әлиев құраманың бас бапкерлігімен толағай табысқа жетеді деп күтемін», - деді Ю. Шадиев Sports.kz порталына.
Естеріңізде болса, Әли Әлиев ҚПЛ-дің өткен маусымында «Қызыл-Жар» мен 9-орын алды. ҚФФ басшылығының шешімімен отандық маман екі ойынға Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Ә. Әлиев команданы ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы қос бәсеке - Лихтенштейн мен Уэльске қарсы матчтарда бастап шықпақ.
Біздің серіктес: FONBET