Жарнама
Жарнама

Итке ұтылған ит өмір

Ит жүгіртіп, құс салатын лохотронның құрбандарына арналады.
Жарнама
Жарнама

Кезінде Алматыда е букмекер емес, е казино емес дүбәрә бір дүңгіршектер пайда болды. Ішіне кірсең қараң-құраң адам. Сойталдай ер жігіттер серілік қылып ит жүгіртеді. Ит дегеніміз кәдімгі теледидарда болып жатқан ит жарыс. Кілең сымдай тартылған, артық еті жоқ құмай тазылар. 8 тазы қатар-қатар тұра қалып жүгіре береді, жүгіре береді. Тек арасында нөмерін таңдап ұнаған итке бәс тігесіз. Жігіттер өз иттерін сөзбен сыбап немесе шабыт беріп қамшылап тұрады. Бірде жеңесіз, бірде жеңілесіз. Жеңіп тұрған итіңіз "иттік" жасап соңғы метрлерде жеңіліп қалып жатады. Осы ит жарысқа негізі қаншама қазақ жігіті алданып бәс тікті, жеңілді, қыруар қаржыдан айырылды.

Бірақ, қарап тұрсаңыз оның барлығы арифметика. 8 иттің жеңу әдістері математикалық есепке құрылған. Яғни нөмірі бірінші ит 2 видеода жеңіске жетсе, одан кейін барып 4, 8, 16, 32 видеоларға келгенде алдына жан салмауы мүмкін. Тек оның арифметикалық прогрессиясын есептеп, уақытын дәлме-дәл есептеуің қажет. Себебі, ондай видеоның 800 нұсқасы бар. Яғни бәс тіккен адамның мүмкіндігі 8ге бір. Демек, жеңіс букмекерлік кеңседе. Олар 80-20 пайыз деп есептейді. Айтпақшы ол алгоритімді қолмен бұрап өзгертуге де болады. Бүгін ит жарыстың пайдасы 70-30 пайыз болсын деп өзгерте саласыз. Сонда бәс тіккен адамдардың жалпы ақшасы 100000 теңге болса онда соның 70 мың теңгесі кеңсеге қалады да, 30 мыңы тіккендерге кетеді. Міне, бар шындық осы.

Алайда, бұл бизнесс букмекерлерге заңнамалық тұрғыдан ауыр соққы болды. Сондықтан да, көбісі бас тартты. Дегенімен, естуімізше еліміздің көптеген қалаларында жасырын түрде ит жүгіртіп отырған кеңселер бар көрінеді. Итке бәс тігіп ит өмір сүрмеңіздер дегім келеді, достар. Уот, так!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров