Жарнама
Жарнама

Италия клубтары жазғы трансферлік кезеңде рекордтық қаржы жұмсады

18.08.2018, 21:58
Жарнама
Жарнама
Серия А клубтары 2018/19 жж. маусымалды трансферлік кезеңде жаңа ойыншылар алу үшін осы уақытқа дейін болып көрмеген қаржы жұмсаған. Panorama басылымының хабарлауынша, Италияның ең жоғарғы дивизионының клубтары осы жылы 1,14 миллиард еуро қаржы жаратты. Бұл Англия Премьер-Лигасы клубтарынан кейінгі екінші көрсеткіш болып табылады (1,42 миллиард еуро). Италияндық клубтар 2017 жылғы жазда 907 миллион еуро жаратқан екен. Соңғы жылдарғы бұл көрсеткіш қарқынды өсіп келе жатыр екен. Мысалы, 2014 жылы 335 миллион еуро, 2015 жылы 608,8 миллион еуро, 2016 жылы 707,35 миллион еуро жұмсаған екен. Ал, клубтар арасында осы жазда "Ювентус" 250 миллион еуроға ойыншылар алып алдыңғы орында екен. Одан кейін 136 миллион еуроға ойыншылар алған "Рома". Естеріңізге сала кетсек, Италиядағы трансферлік кезең кеше жабылған болатын.    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров