«Болонья» - «Торино» - 2.25 кэф
Өткен маусымда А Сериясында үлкен жаңалық болған «Болоньяның» биылғы жағдайы да жаман емес. «Рособли» ішкі чемпионатта еурокубок аймағында. Былтырғыдай үздік төрт команда қатарына іліне алмаса да Еуропа Лигасының жолдамасын алатын қауқары бар. «Болоньяның» соңғы кездегі статистикасы да көңілден шығады – соңғы тоғыз ойында 4 жеңіс пен 5 тең нәтиже. Өз алаңындағы 9 матчтың барлығында қарсылас қақпасынан саңылау тапқаны «рособлидің» шабуылында барлығы ойдағыдай екенін дәлелдейді. Сонымен, «Болонья» Чемпиондар Лигасындағы сәтсіз жорығынан кейін А Сериясын тағы шулата ала ма?
Паоло Ванолидің шәкірттері А Сериясын жақсы бастаған, бірақ уақыт өте тек төмен сырғи берді. Қазір «Торино» 28 ұпаймен тек 11-орынды қанағат тұтуда. Туриндік команданың тұрақсыздығына бірнеше фактор әсер етуде, оның бірі де бірегейі – футболшылардың жарақаты. Дәл қазір Паоло Ваноли негізгі құрамның қатарындағы біраз ойыншыға сенім арта алмайды, арасында негізгі сұрмерген Дуван Сапата да бар. Десе де, өткен турда «Дженоамен» тең тарқасқан туриндіктер өздерінің жеңіліссіз сериясын 7 матчқа дейін жалғастыра алды.
Бұл ойында біз қос клубтың шабуылдағы тәуір көрсеткіштерін ескеріп екеуінің де голын таңдап отырмыз. «Болонья» - «Торино» кездесуінде командалар кемі бір голдан соғады дейтін нұсқаның коэффициенті 2.25. «Фонбет.кз» А Сериясындағы осы ойынға осылай депті.
«Жирона» - «Хетафе» - 2.25 кэф
«Жирона» былтырғы сұрапыл маусымнан кейін жазда біраз көзір ойыншыларын сатты. Салдарынан биыл ала-құла ойнап, қазір тек 8-сатыда келеді. Чемпиондар Лигасының плей-офына шыға алмағандықтан ендігіде бар күшті Ла Лигаға салмақ. Мичелдің қазіргіден де жоғары орындарға таласатын мүмкіндігі бар, «Жиронаның» құрамында сапалы орындаушылар жетерлік.
Бүгінгі бәсекедегі алаң иелерінің статистикасы қандай? Чемпионаттағы соңғы 9 матчтағы 6 жеңісті өз алаңдарында тіркеді. Сондай-ақ, жирондиндік клуб соның төртеуінде міндетті түрде гол салып отырған. Бұған голды көп жіберетіндігін де қоса кетейік.
«Хетафенің» мақсаты сәл басқашалау – мадридтік ұжымның бар ойы жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу. Хосе Бордалас әзірге бұл миссияны орындап отыр – «Хетафе» Ла Лиганың турнирлік кестесінде 14-сатыға жайғасқан. Біріншілік басын өте сәтсіз бастаған бүгінгі матчтың қонақтары ақырындап қарқын алып келеді, оның дәлелі соңғы турдағы «Алавске» қарсы матчтағы жеңісі (1:0).
«Хетафе» сырт алаңдағы соңғы 3 бәсекеде гол соғып келген. Біз бұл матчта қос клуб та гол салады деп болжаймыз. Неге, өйткені «Жирона» да «Хетафе» де соңғы матчтарында нәтижелі өнер көрсетуде. Бұған тағы екеуіне де ұпайдың ауадай қажет екенін қоса кетіңіз.
Біздің серіктес: FONBET