Жарнама
Жарнама

Испания, Англия және Италия чемпионаттарына болжам

21.02.2025, 12:58

«Сельта» - «Осасуна» - 1.85

"Монца" - "Лечче" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Примераның ортаңқол командалары кезекті турдың шымылдығын ашады. Өзінің алаңында керемет ойнайтын «Осасуна» сыртта ұпайдан шашау шығара ма? «Сельта» қауіпті аймақтан қашу үшін қонақтарды қапы қалдыруы тиіс.

«Сельта» жақсы қарқын алып келеді: өткен турда «Атлетиконы» ұтып жатып, үш ұпайды уысынан шығарып алды. Мадридтіктер бір ойыншыға кем ойнап жатып, таразы басын теңестіріп кетті. Виголықтар қазір Примерада 14-келеді. Командаға маусымда тұрақсыздық тән – соңғы тоғыз кездеуде гол салып, соңғы сегіз ойында доп өткізіп алған.

«Осасуна» бұл маусымда үйдің командасы болып отыр – жеті жеңісінің алтауын өз алаңында тіркеген. Висенте Мореноның шәкірттері де гол соғуды жақсы көреді, бірақ қорғаныста сондай бір керемет емес: «Сельтамен» өткен соңғы екі бәсекеде міндетті түрде гол жіберген екен. Бірақ дәл қазір турнирлік кестедегі жағдайы тәуір – тоғызыншы орын мен 32 ұпай. Сәл қосса еурокубоктік аймаққа аяқ басуы мүмкін. Болжам – екі команда да гол салады. Fonbet.kz бұған 1.85 коэффициент беруде.

«Лестер» - «Брентфорд» - 2.05

Биыл «Лестер» АПЛ-ден ұшуға басты үміткер. Рууд ван Нистелройдың командасы ұпай түгілі гол салуға зар болып отыр. «Түлкілер» соңғы бес ойынның тек біреунде қарсылас қақпасының саңылауын таба алған. Бүгінгі матчтың маңызы зор, алаң иелері алдыңғы шепте тағы да дәрменсіздік таныта ма?

«Брентфорд» 11-орында өзін жайлы сезінеді. Команда ұпайдың біразын сырт алаңда жиып жүр. Енді бәр әуп десе еурокубок зонасынан бірақ шығатын мүмкіндік те жоқ емес. Сондықтан, «араларға» Лестердегі кездесу ерекше екені анық. «Брентфорд» сырт алаңда қақпасын берік ұстайды, бірақ «Лестер» бүгін бұл дәстүрді бұзатын секілді.

Біздің болжам – алаң иелері бірінші таймда гол соғып кетеді. Бұған біздің серіктес 2.05 коэффициент тарту етеді.

«Лечче» - «Удинезе» - 1.67

А Сериясының 25-турын ашатын «Лечче» мен «Удинезе» тартысты ойын тарту ететін сияқты. Себебі, екеуіне де ұпай ауадай қажет. Бірақ, қос команданың мақсаттары әртүрлі. Алаң иелері жоғары дивизионна ұшып кетпесем деп алаңдаса, «Удинезенің» көксегені еурокубоктерде бақ сынауға мүмкіндік беретін аймақтан көріну. Коста Руньяичтің командасы бұл міндет-мақсатты орындай ала ма? Әзірге «Болонья», «Рома» мен «Милан» жеткізбей келеді. Бірақ, удинеліктер өткен турда А Сериясындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, күреспей қоймайтынын анық аңғартты.

Біздің болжам – қонақтар жеңілмейді және ойынның жалпы тоталы 1.5 нан көп. Бұл нұсқаға сіздер 1.67 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров