Ресейлік "Урал" клубының қорғаушысы Исламжан Насыров Vesti.kz сайтына берген сұхбатында "Тұран" клубынан кету себебін түсіндірді.
- Исламжан, "Тұранға" бару туралы нұсқа қалай пайда болғанын айтып беріңізші?
- Агент маған осы нұсқаны ұсынды. Ол клубпен байланыста болған сияқты, "Тұранның" жаттықтырушысы мені Instat-тан қарап, келуімді өтінді. Яғни, бапкер мені ұнатты, бірақ басшылықтың, оның ішінде президенттің мені бақылауы қажет болды, содан кейін олар жауап беруге дайын болатынын айтты. Мен Түркиядағы команданың орналасқан жеріне 18 ақпанда ұшып келдім, жаттығу жасадым, кеше біз "Металлистпен" жолдастық кездесу өткіздік - 3:2 есебімен жеңдік, мен гол соқтым. Ойыннан кейін мен агентпен және ата-анаммен сөйлестім. Ресейдегі трансферлік терезе 25 ақпанда жабылады, ақыр соңында жалға кетудің қажеті жоқ деп шештік, мен бұл маусымды "Уралда" аяқтап, содан кейін болашақ туралы ойланамын. Дәл сол жолдастық ойыннан кейін мен "Тұранның" бапкеріне бардым, біз әңгімелестік, мен Ресейге оралатынымды айттым. Яғни, мен клубтан қашқан жоқпын, шамамен айтқанда, мен жай ғана қаралымға келдім және "Тұранмен" келісімшартқа отырған жоқпын.
- Сіз ФНЛ-дің алғашқы айналымында "Оренбург" сапында үнемі ойнадыңыз, "Урал" сізді неге қайтарып алды?
- Президент клубқа қайтып оралғанымды және "Уралдың" негізгі командасында ойнағанымды қалады.
- Сізге Қазақстанның басқа командаларынан қызығушылық болды ма?
- Білмеймін. Агент маған тек "Тұран" туралы айтты, ол команда Премьер-лигаға шықты, жаңа стадион салынды, қала дамып жатыр.
- "Уралдың" қаңтардағы оқу-жаттығу жиынында сіз Максим Федин мен Абат Айымбетовті көрдіңіз. Айтыңызшы, олар сізге қандай әсер қалдырды?
- Жігіттердің бойында сапалы қасиеттердің бар екені анық болды - мен олармен жұмыс істегенде осыны көрдім. Шешімді жаттықтырушы қабылдады. Бірақ менің ойымша, Айымбетовтің "Крылья Советов" клубына ауысуы кездейсоқтық емес.
- Төлқұжатыңыздың өзгеруіне байланысты ҚФФ сізге Қазақстан құрамасында ойнау туралы ұсыныс тастады ма?
- Жоқ, әзірге ешкім байланысқа шыққан жоқ, мүмкін болашақта шақыратын шығар.
Біздің серіктес: FONBET