"Ирандық Месси" деген лақап атпен танылған Реза Парастеш өзінің даңқты футболшы Лионельге ұстайтын кейпін пайдаланып, 23 қызды зорлады деп күдіктелуде деп хабарлайды "Marca" газеті. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бас-аяғы қатысты 23 қыз шағым түсірген. Олардың айтуынша, Реза өзін Мессимін деп таныстырып, төсек қатынасына мəжбүрлеген-мыс. Ал Резаның өзі болса, бұның бəрі жалған фейк мəлімдеме деп мойындаудан бас тартып отыр.
Айта кетейік, "Ирандық Месси" 2017 жылы "Барселона" жейдесін киіп,спорттық сайттардың біріне жіберген. Содан соң Парастештен сұхбат алғысы келген БАҚ өкілдерінің саны артып, бірнеше модельдік компания келісім-шарт ұсыныпты. Ал осы жылдың мамырында оны қоғамдық тəртіпті бұзғаны үшін қамауға алған болатын. Өйткені, Резамен суретке түскісі келген адамдар жиналып, кептеліс туғызыпты.
Шамкен БАЙЫРБЕК.