Жартылай қорғаушы Николо Барелла «Интермен» келісім-шартын ұзартты, деп хабарлайды миландық клубтың ресми сайты. 24 жастағы футболшының жаңа келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Еске салайық, Барелла «Интерге» 2019 жылы «Кальяриден» ауысып келген еді. Осы маусымда жартылай қорғаушы Италия чемпионатының 11 матчына қатысып, 1 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. 2018 жылдан бастап Барелла Италия құрамасында ойнайды. Өткен жазда жартылай қорғаушы ұлттық командасымен бірге Еуропа чемпионы атанды.
«Интер» 11 матчта 24 ұпай жинап, А сериясының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET