Жарнама
Жарнама

Игорь Шацкий: «Жанкүйерлердің есімімді айтып, айқайлауы еңбектің бағаланғанын білдіреді»

14.06.2022, 05:18
Игорь бүгінгі матчта қақпамызды жүз пайыздық голдардан аман алып қалды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Словакиямен болған матч жайлы пікір білдірді:

- Барлығын жеңіспен және осындай қысқа циклдің аяқталуымен құттықтаймын. Әрине, төрт ойын өткізу қиын болды, бірақ мен бүкіл командаға, жаттықтырушылар штабына алғыс айтқым келеді. Біз банкет ұйымдастырып, жеңісті тойламаймыз, тек клубтарымызға қайта оралып, одан әрі жақсы ойнауға тырысамыз.

Біз 24 мамырда жиналдық, ал Магомед Мұсаұлы өз принциптерін атап өтті және біз барлық қиындыққа төтеп беріп, қысқа уақыт ішінде бір жанұяға айналдық.

- Сіз бүгінгі матчтың үздік ойыншысы атандыңыз. Осы жеңістен кейін жанкүйерлер Сізді Мануэль Нойерге теңеуде.

- Рахмет. Бірақ мен мақтауды көп ұнатпаймын. Мен жай ғана жаттығу жасап, қолымнан келгенше ойнап жатырмын. Мені қолдаған адамдарға алғысым шексіз. Олар бізге күш береді.

- Жанкүйерлер «Астана Аренада» соңғы рет Ненад Эричтің атын айтып айқайлаған еді. Ал бүгін Сіздің есіміңізді айтты.

- Ненад Эрич - керемет қақпашы, өте жақсы адам. Оның Қазақстан футболы үшін жасаған жұмысына ризамын. Бүгін жанкүйерлер менің атымды айтып, айқайлады. Бұл еңбектің бағаланғанын білдіреді. Жанкүйерлерге көп рахмет!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров