Жарнама
Жарнама

Игорь Сергеевтің қай командаға ауысатыны белгілі болды

19.07.2021, 12:21
Өзбекстандық шабуылшы өзін еурокубок бәсекесінде сынап көрмек.
Жарнама
Жарнама

Өзбекстан құрамасы мен "Ақтөбе" клубының шабуылшысы Игорь Сергеев "Тобылға" ауысты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты.

28 жастағы шабуылшы қазірдің өзінде "Ақтөбеден" кетіп, Қостанайға келді. Жақын арада ойыншы келісім-шартқа отыруы керек. Мұндай жағдайда қостанайлық клубтан легионерлердің бірі кетеді немесе "Тобыл" басшылығы тоғызыншы легионер үшін 35 000 000 теңге көлемінде жарна төлейді.

Бұған дейін француз футболшысы Жереми Манзорроның "​​Шахтерға" ауысуы мүмкін екендігі хабарланған болатын

Өзбекстан құрамасында 55 матч өткізіп, 17 гол соққан Игорь Сергеевтің келуімен "Тобыл" үш орталық шабуылшыға ие болады. Игорь "Ақтөбедегі" ең көп жалақы алатын ойыншы еді (айына 19000 доллар).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров