«Астана» - «Мидтьюлланд» (2:1) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін даниялық команданың бас бапкері Йесс Торуп баспасөз жиынында ойын туралы ойымен бөлісті, - деп елордалық клубтың ресми сайты хабарлады.
— «Астана» командасы ойынның алғашқы бөлігінде өте жақсы өнер көрсетті. Дегенмен біз екінші таймда жинақы ойнап, жақсы нәтижеге қол жеткіміз келді. 1:1 есебі бізге шынында да қолайлы болған еді. Алайда, есепті соңына дейін сақтап тұра алмадық. Біз Астанаға басқа нәтиже үшін келген едік. Тең нәтиже біздің қанағаттандырмайды.
— Ойын алдында «Астана» бұл жұптың көшбасшысы деген едіңіз? Сырт алаңдағы соққан голдарыңыздан кейін, ойыңыз өзгерді ме?
— Әрине, «Астана» командасы бұл жұптың әлі де фавориті. Дегенмен, біз өз жанкүйерлеріміздің алдында жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.
— Команда құрамында бойшаң ойыншылар көп болғаннан кейін, екінші қабатпен ойнау алдын ала жоспарыңызда болды ма? Бұл жағдай қарымта кездесуде де қайталануы мүмкін бе?
— Біз қарсылас айып алаңына пас асырып, қапталдан допты қосу арқылы екінші қабатпен ойнауды әлі де жалғастыратын боламыз. Дегенмен, бүгінгі кездесуде біздің ойыншымыз өзінің жеке шеберлігінің арқасында, төменнен гол соғып кетті.