Златан Ибрагимовичтің «Милан» сапына ауысатыны және арадағы келісім-шарттағы кейбір жайттар белгілі болды. La Gazzetta Dello Sport газетінің хабарлауынша, Златан Италия ұжымымен 6 айлық келісім-шартқа қол қояды. Яғни, биылғы маусым аяқталғанға дейін. Ал осыдан соң екі тарап қаласа тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндік бар. Швециялық футболшының жалақысы туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, Ибрагимович «Лос-Анджелес Гэлакси» сапынан еркін агент ретінде ауысады. MLS-те Златан 2019 жылы 31 ойын өткізіп, 31 гол салып, 8 нәтижелі пас берген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET