Пеп өз сөзінде тұратын адам сияқты.
Осыдан 2 күн бұрын ғана Хосеп Гвардиоланың "Ювентус" бас бапкері болады. Екі тарап келісім-шартқа 4 маусымда қол қояды деген ақпарат желмен бірдей тараған. Міне, осыдан соң бəріміз жаздың алғашқы күндерін күтіп жүргенде Хосеп Гвардиола "Ювентус" басшыларының ұсынысынан 3 рет бас тартып үлгеріпті. Айта кетейік, Туриннің клубы испан маманына жылына 23 млн. еуро жалақы ұсынып, ең қалталы бапкерге айналдырмақ болған.
Яғни, Пеп өз сөзінде шындап тұруға бекісе керек. Өйткені, ол маусым соңында журналистер тарапынан жаңа жұмыс орнына қатысты қойылған сұрақтардың барлығына:
"Мен "Ман Ситиден" еш қайда кетпеймін. Себебі, əлі 2 жылдық келісім- шартым бар", - деп жауап беріп келді.
Дегенмен, "Ситидің" қаржылық қулықтары əшкере болып, клуб халықаралық бəсекелерден 1 жылға шеттетілуі мүмкін болған соң, 39 жастағы бапкердің кететініне сенетіндер саны артқаны белгілі. Бірақ Хосеп Манчестерде қалатынын тағы дəлелдеді.
Осылай меселі қайтқанына қарамастан "Ювентус" бас бапкер іздеуді жалғастыруда. Танкреди Палмери есімді журналистің мəліметінше, клуб Маурицио Сарримен белсенді келіссөз жүргізіп жатыр.
![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2019/05/193154_m-480x289.jpg)
Ал өз кезегінде "Челси" да итальяндық маманды жіберуге ниетті емес.
Шамкен БАЙЫРБЕК.