Жарнама
Жарнама

Хосеп Гвардиола - Роналду ойнайтын команданың бапкері болады

24.05.2019, 16:47
Жарнама
Жарнама
Қызық, Роналдумен қалай тіл табысады екен? "Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола маусымның 4 күні Италияның "Ювентус" клубының тізгінін ұстамақ. Испан маманы жұмыс орнын ауыстыруға алдын ала келісімін беріп қойған. Енді тек 4 жылдық келісім-шартқа қол қоя ғана қаып отыр. Бұл туралы  "Radio Sportiva" журналисі Федерико Дженнарелли твиттердегі парақшасында хабарлады. Ал Луиджи Гуэлпа есімді журналистің ақпаратына сүйенсек, Туриннің клубы Манчестер Ситидің қаржылық былықтары туралы "New York Times" газеті мəлімдеме бергенге дейін білген. Яғни, 39 жастағы маманға сол сəттен бастап ұсыныс əзірлей бастапты. Алайда Хосеп Гвардиола бұған дейін өзге клубқа кетуі мүмкін екенін теріске шығарып келді. Өйткені, оның "Ман Ситимен" əлі 2 жылдық келісім-шарты бар.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров