Хосеп Гвардиола «Барселона» жаттықтырушысы Эрнесто Вальверденің қазіргі жағдайына қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды Marca.
-«Барселона» үнемі жоғары нәтижені талап ететін ұжым. Сондықтан тек Испания чемпионы болу жеткіліксіз. Мен қазір Эрнестоны аяймын. Ол бұндай қысымға лайықты емес маман. Қазіргі түйткіл тезірек шешілсе екен деп тілеймін»,- дейді «Манчестер Сити» бас бапкері.
Айта кетейік, қазір Эрнесто Вальверденің орнын «Аль-Садд» бапкері Хави немесе Голландия құрамасының жаттықтырушысы Рональд Куман басуы мүмкін деген мәлімет бар. Сондай-ақ, осы аралықта Кике Сетьен («Бетис»), Габриэль Милито («Эстудиантес»), Хави Гарсия Пимьентенің («Барселона» жастар командасы) есімі де аталып жүр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET