Жарнама
Жарнама

Хорватия құрамасы ӘЧ-2018-дің финалына шыққаны үшін 28 млн еуро алады

12.07.2018, 15:20
Жарнама
Жарнама
Хорватия футбол одағы Әлем чемпионатының финалдық кездесуіне жолдама алғаны үшін ФИФА-дан жоқ дегенде 28 миллион еуро қаржы алады. Егер әлем чемпионы деген аттаққа ие болса, барлығы 38 миллион еуро табыс табады екен. Кеше Хорватия құрамасы ӘЧ-2018-дің екінші жартылай финалында Англия құрамасын жеңген болатын (2:1 қос. уақытта). ӘЧ-2018-дің қаржылай үлестіру жүйесі 2017 жылы анықталған болатын. Турнирдің әрбір қатысушысы 8 миллион, 1/8 финалына шыққандар - 12 миллион, 1/4 финалына шыққандар - 16 миллион, төртінші орын алған құрама - 22 миллион, қола жүлдегер - 24 миллион және күміс жүлдегер 28 миллион еуро қаржы алса, әлем чемпиондары 38 миллион еуро қаржылай табыс табады екен. Естеріңізге сала кетейік, шілденің 15 күні Хорватия құрамасы ӘЧ-2018-дің финалында Франция құрамасымен кездеседі.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров