Даңқты испаниялық жартылай қорғаушы, "Барселонаның" аңызға айналған ойыншысы Хави Эрнандес маусым соңында футболшы ретіндегі мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
"Негізі жасым 39-ға толмай тұрып, өз мансабымды аяқтағым келетін. Бұл менің соңғы маусымым болмақ. Осы күнге дейін футболшы ретінде біраз белесті бағындырдым. Дегенмен болашақта бапкерлік қызмет жолым қалай болатыны туралы жиі ойлана бастадым"-, дейді Хави "AS" порталына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Хави ойыншы ретінде Испания ұлттық құрамасы сапында екі дүркін Еуропа жəне 2010 жылы Əлем чемпионы атанған еді. Ал "Барселона" жейдесінде клубтық деңгейде жүлде біткеннің бəрін иеленген. 39 жастағы футболшы 2015 жылдан бастап Катардың "Аль-Садд" командасы сапында ойнап жүр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.