Жуырда ғана үлкен футболмен қош айтысқан Хави Эрнандес бұрын өзі ойнаған соңғы клуб "Аль-Саддтың" бас бапкері болып тағайындалды. Əзірге келісім шарт 2020 жылға дейін жарамды деп көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы испаниялық футболшы ретіндегі соңғы ойынын "Аль-Садд" сапында Азия Чемпиондар лигасыны аясында "Персеполиске" қарсы өткізген-ді.
Хави Эрнандес Барселона академиясының түлегі. 1998 бен 2015 жыл арасында бірінші команда үшін қазірге дейінгі рекордтық 769 матч өткізген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.