"Барселона" 41 жастағы испаниялық маман Хавидің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.
Хавидің каталондық клубпен келісім-шарты 2023/2024 жылғы маусымның соңына дейін есептелген. Ол осы демалыс күндері Барселонаға келеді деп күтілуде және 8 қараша күні "Камп Ноуда" жанкүйерлердің алдында "Барселонаның" жаңа бапкері ретінде таныстырылады. Шарадан кейін Хави баспасөз мәслихатына қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін "Барселона" делегациясы Катарға барып, "Аль-Садд" клубының басшылығымен келіссөздер жүргізген болатын. Кейбір мәліметтер бойынша каталондықтар Хави үшін 5 миллион еуро төлеуі керек екен. Бұл соманың жартысын "Барселона", ал екінші бөлігін бапкердің өзі берген.
Біздің серіктес: FONBET