The Telegraph-тың хабарлауынша, "Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейн жуырда жасалған отадан кейін қайта қалпына келу жаттығуларына кірістіп кетіпті. Енді ол 9 аптадан соң командалық жаттығуға қайта кірісе алады.
Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, Харри сәуір айының ортасында жасыл алаңға қайта оралмақ. Сондай-ақ, Англия құрамасының сұрмергені Еуро-2020 бәсекесінде де топ тебетін көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Англиядағы ең танымал хирург Крис Уилсон The Independent-ке берген сұхбатында Харри Кейннің алған жарақатына байланысты жорамалын айтқан еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET