Жарнама
Жарнама

"Халықтық команда" халыққа неге жақын емес?

04.08.2018, 07:41
Жарнама
Жарнама
"Қайрат" футбол командасы қазақ футболының флагманы делінеді. "Қайрат" қазақ футболының қайраулы тұрған қылышы дедік те. Халықтық командамыздың осы атқа жалпы қандай да бір қазір қатысы бар ма? Жоқ! Барлығы да өзге тілде. "Қайрат" клубының қызметкерлері де, сайттары да орыс тіліне басымдық береді. Күні кеше болған мына оқиға тіпті жанкүйерлердің шымбайына батқаны анық. Төмендегі фотода көріп тұрғаныңыздай, "Алкмар" командасы "Қайратты" осылайша орыс тілінде қарсы алыпты. Мәселе мұнымен де шектелмейді. Қазақстан құрамасының сырттағы ойындарында да осы оқиға бірнеше мәрте орын алған. Тіпті мына өзіміз болған Черногория - Қазақстан ойынында Подгорицадағы стадионның дикторы алдымен өз тілінде, сосын қонақтардың тілінде сөйледі. Қонақтардың тілінде деген кезде қазақша айтуы тиіс сияқты болып көрінеді иә? Жоқ! Орыс тілінде. Кейіннен осы мәселені сұрастырған да едік. Сөйтсек Федерацияның оған қатысы жоқ болып шықты. Орыс тілінде сөйлейтін адам тауып берген біздің елшілік екен. Өткенде Хорватия мен Қазақстан арасындағы теннис матчында да диктор орыс тілінде сайрады. Тағы да киліктік. Бірақ, әртүрлі немқұрайлы жауап аласың. Жауаптардың, себептердің ішінде өзіңіздің қалай адасып кеткеніңізді білмейсіз. Бұл жағдайда біздің елшіліктер мен федерациялар бар кінәні мойнына алуы тиіс.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров