«Торпедо Кутаиси» 27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Магомед Парагульговтың командадан кеткенін хабарлады.
Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Парагульгов «Торпедо» сапында осы жылдың тамыз айынан бастап өнер көрсетті. Қазақстандық футболшы грузиялық клубтың жейдесінде 9 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
27 жастағы футболшы бұл маусымда «Ақжайық» командасында бастаған болатын. Ал оған дейін кипрлік «Эрмис», «Қайрат», «Қайсар», «Ертіс» клубтарының намысын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET