Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян: «Біз Киевке ұпай алу үшін келдік»

20.09.2018, 16:28
Жарнама
Жарнама
Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Динамо» (Киев) пен«Астана» кездеседі. Кеше осы ойынның алдында бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Алдымен, «Астана» командасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаян журналистердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы кездесу туралы өз пікірімен бөлісті:  –Бізді ертең қызықты, әрі қиын ойын күтіп тұр. Бұл жұпта «Динамо» фаворит саналады. «Динамоның» өткен тарихы керемет нәтижелерге толы. Оған қоса, команда өз жанкүйерлері алдында ойнайды. Дегенмен, біз де ертеңгі ойынға барынша тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргіздік. Біз үшін ойынның алғашқы минутынан, соңғы сәтіне дейін үлкен жауапкершілікпен, тәртіппен ойнау аса маңызды. Шын мәнісінде, біз Киевке ұпай алу үшін келдік. Бізді барша Қазақстан халқы қолдап отырғандықтан, еліміздің намысын лайықты қорғау үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз. «Астана» сапынан 8 ойыншы Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы екі ойынына да қатысып, небәрі 1 ғана ұпайға қол жеткізді. Жігіттер командаға психологиялық тұрғыда шаршаңқы оралды деуге болады. Бұл футболшыларды ертеңгі кездесуге лайықты деңгейде дайындай алдыңыз ба?  – Біздің команда құрамынан 17 ойыншы өз елдерінің ұлттық құрамаларында өнер көрсетеді. Олар клубқа қайта оралғаннан кейін, бірден команда ретінде жинақталуларын сұраймыз. Егер тек қана құрамамен өмір сүретін болсаң, клуб сапында өте қиын болады. Дегенмен, олардың барлығы кәсіби деңгейдегі ойыншылар болғандықтан, ешқандай мәселе жоқ. Біз «Қайсарға» қарсы ойында ұпай жоғалтып алдық. Біздің аталмыш ойынға толық құрамда дайындалытан уақытымыз да болмады. Біз тек алға қараймыз. Ендігі бар ойымыз «Динамоға» қарсы кездесуде. Роман Григорчукпен хабарласып тұрасыз ба? Команда тізгіні кімнің қолында? – Роман Иосифовичпен хабарласып тұрамыз. Ол өз отбасындағы жағдайларға байланысты, уақытша клуб сапынан кетті. Оның қашан оралатындығы туралы айту қиын. Ал жаттығу жұмыстарына, командаға келер болсақ, тізгін толықтай менің қолымда. Команда құрамында жаңа ойыншылар өте көп. Олар құрамға сіңісіп үлгерді ме? Негізгі құрамда ойнауға қаншылықты дайын? –  Біз үшін оларды қысқы үзіліс кезінде қатарға қосу маңызды болған. Себебі, олар командамен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізуі тиіс еді. Сол кезде оларды толықтай дайындап үлгерер едік. Алайда, олар еуропадағы чемпионаттар аяқталғаннан кейін, біршама уақыт демалып, артынша біздің құрамға келіп қосылды. Біз өз кезегімізде олардың нағыз спорттық бабына келулері үшін жұмыс жасап жатырмыз. Әрине, оған бірінші кезекте уақыт қажет. Олар әр ойын сайын дамып, еңбектеніп жатқандықтары қуантады. Бізге ең бастысы көп еңбектену қажет. Себебі, олардан басқа футболшыларымыз жоқ. Киевтегі кездесуде қандай нәтиже қанағаттандырады? – Біз бұл жаққа ұпай алу үшін келдік. Жеңіске жетсек деген ойымыз бар. Бірақ, жағдайдың қалай өрбитіндігін алаң көрсетеді. «Астанадан» ертең қандай ойын үлігін күтеміз?  – Біздің ертеңгі ойынымызды барша Қазақстан қарайтындықтан, алғашқы минуттан соңғы минутқа дейін барынша жауапкершілікпен ойнауға тиіспіз. «Динамо» сапында кәсіби деңгейлері өте жоғары ойыншылар жетерлік. Оларға қарсы ойында біз үшін қателікке бой алдырмау маңызды. Сол кезде ғана біз командадан жақсы нәтиже күте аламыз.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров