"Ақтөбе" футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші туры аясында "Ордабасы" клубымен кездесті. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен ойын 4:4 есебімен аяқталды.
Матчтың 12-минутында Темірлан Ерланов есеп ашты. 27-минутта Игорь Сергеев төртінші турдағы ең әдемі голдың авторы атанды. Оның алаңның ортасынан тепкен добы қақпа торында тулады. 36-минутта Жоао Пауло қайтадан өз командасын алға шығарды. Бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда Еркебұлан Нұрғалиев есепті теңестірді.
74-минутта Жоао Пауло пенальтиді сәтті орындады. Ал жауапты голды 86-минутта Рифат Нұрмұғамет соқты. Рубен Бриджидоның орнына шыққан Сергей Хижниченко 92-минутта жеңісті голды соққандай көрінген. Бірақ 94-минутта Йерабек командасына бір ұпай сыйлады.
Шымкенттік команда 7 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. 3 ұпайы бар "Ақтөбе" тоғызыншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET