Жарнама
Жарнама

Гётце «Боруссиядан» кетті

24.05.2020, 20:20
Италияға жол тартпақ.
Жарнама
Жарнама

"Боруссия Дортмунд" клубының спорт директоры Михаэль Цорк жартылай қорғаушы Марио Гётценің командадан кеткенін мəлімдеді.

"Гётцемен арадағы серіктестігіміз осы жазда аяқталады. Бұл жайында өзара сұхбаттасып, келісіп алдық. Марио - өте жақсы жігіт" - деген Цорктің сөздерін келтіруде Sky Sport Deutschland.

Футболшының қызметіне "Милан", "Лацио" жəне "Рома" сынды клубтар қызығушылық білдіруде.

Ағымдағы маусымда Гётце Бундеслига аясында 14 ойында алаңға шығып, 3 гол соқты. "Боруссия Дортмунд" бас бапкері Льюсьен Фаврдың пайымдауынша, футболшы команда схемасына сай емес. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров