Қытай Суперлигасында доп тепкен Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Георгий Жуковқа еуропалық бірнеше командадан ұсыныс түскен.
Футболшының жаңа клубы алдағы аптада анықталып қалуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz мәлімдеген болатын.
30-жастағы жартылай қорғаушы осыған дейін «Цанжоу Майти Лайонс» жейдесінде доп тепті. Қытай Суперлигасының осы маусымында отандасымыз 23 кездесуге қатысып, 1 гол соғып, 1 ассист берген болатын. Айта кетейік, Жуковка сондай-ақ, «Елімай» қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тараған еді.
Жартылай қорғаушы ҚПЛ-де «Қайрат», «Астана», польшалық «Висла», нидерландылық «Рода», бельгиялық «Беерсхот», «Стандард» пен ресейлік «Урал» жейдесінде өнер көрсетті. Ал ұлттық құрама намысын 2015 пен 2022-жылдар аралығында қорғаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET