Жарнама
Жарнама

Гарри Кейн «Тоттенхэмнен» кеткісі келетінін хабарлады

18.05.2021, 16:04
Шабуылшы Еуропа чемпионатына дейін болашағы туралы нақты шешім қабылдамақ.
Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» шабуылшысы Гарри Кейн жазғы трансферлік терезеде командасын ауыстырғысы келеді.

Sky Sports-тың хабарлауынша, 27 жастағы футболшы «Тоттенхэм» басшылығына клубтан кеткісі келетіндігін тағы бір рет айтқан. Ал лондондық клуб Премьер-лиганың үздік сұрмергенін сатқысы келмейді. Осы маусымда Кейн мен Мохамед Салах Премьер-лигада 22 голдан соқты.

Дереккөз «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити» және «Челси» Кейннің агенттерімен байланысып үлгерген деп мәлімдейді. Бұл клубтардың барлығы осы жазда жоғары деңгейдегі шабуылшы сатып алғысы келеді.

Ал Кейннің өзі Премьер-лигада қалуды жоспарлап отыр. Ол өзінің болашағы туралы мәселені 11 маусымда басталатын Еуропа чемпионатына дейін шешкісі келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров