Жарнама
Жарнама

Ғалымжан Кенжебек Словакия чемпионатындағы дебюттік кездесуінде ассист жасап жарақат алып қалды

10.02.2025, 10:10

Қазақстандық жартылай қорғаушы «Кошиценің» сырт алаңда «Жилинамен» болған бәсекесінде шеберлігін паш еткен – Ғалымжан алаңға 70-минутта шығып, он минуттан кейін голдық пас берген болатын.

Ғалымжан Кенжебек
Жарнама
Жарнама

Өкінішке қарай, ойынға төреші қосқан қосымша минуттарда жарақат алып қалған. Ал матчтың өзіне келер болсақ, қазақстандық футболшының ұжымы Словакия чемпионатының көшбасшысын 2:0-мен жеңіп, маңызды ұпайды қанжығасына бөктерді.

Ресейлік журналист Александр Троицкий өзінің "Азия-Спорт" телеграмм-арнасында вингердің жарақаты ауыр емес екенін мәлімдеді.

Естеріңізде болса, Ғалымжан Кенжебек жуырда Кипр чемпионатының екінші дивизионында бақ сынайтын «Акритас Хлоракас» командасынан Словакия біріншілігіне ауысты. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы былтыр Қазақстан құрамасының сапында Ұлттар Лигасының аясындағы матчта дебюттік кездесуін өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров