Жарнама
Жарнама

Ғалымжан Кенжебек «Кошице» клубының ойыншысы атанды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Словакияның «Кошица» футбол клубына ауысты. Талантты жас футболшы бұған дейін Кипрдің «Акритас Хлоракас» командасында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Ғалымжан «Қайрат» академиясының түлегі. Былтыр Қазақстан жастар құрамасының сапында Испания, Шотландия секілді азулы құрамаларға қарсы жасындай жарқырап, еуропалық скауттардың көзіне ілікті. Маусым ортасында Кипрдің екінші лигасында ойнайтын «Акритас Хлоракасқа» шақырту алып, бірнеше мәрте мергендігімен көзге түсті. Енді міне, жас футболшы тағы бір белеске қадам басты. Словакия чемпионатының жоғары лигасында өнер көрсететін «Кошица» клубы қызығушылық танытып, отандасымызбен келісім-шартқа отырды. Словакиялық команданың спорттық директоры Марек Сапара бұл трансферге қатысты өз пікірін білдірді.

«Біздің қатарымызға талантты жас футболшы қосылды. Ол шеберлігін алаңда дәлелдеп, өз елінің ұлттық құрамасына шақырту алып жүр. Ғалымжанның ойын мәнері маған ұнады, бойында өзгелерде жоқ қабілет бар. Алаңда өзіне деген сенімділігі өте жоғары, жылдам және бірге бір кез келген ойыншыны алдап өтеді. Жалпы командада бәсекелестік болғанын қалаймын. Және Кенжебектің келуімен біздің шабуыл шебіміз одан сайын күшейе түседі»- дейді Марек.

Айта кетейік, «Кошице» футбол клубы Словакия чемпионатының турнирлік кестесінде әзірге 7-орынға тұрақтаған. Команда Кошице қаласының намысын қорғайды. Және өз алаңындағы ойындарын 12555 орындық «Кошице аренада» қабылдайды.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров