Қазақ футболындағы танымал бапкер, кезіндегі танымал футболшы Болат Есмағамбетов отандық ойыншыларға белгіленетін жалақы мөлшері туралы пікірін айтты.
«Жалақының нақты бекітілген мөлшерін белгілеу керек. Шартты түрде алғанда қазақстандық футболшының айлығы, сыйақысымен бірге қосқанда белгіленген шекті мөлшерден аспауы тиіс. Мысалы, қазақстандық ойыншы айына екі миллионға дейін, ұлттық құрама футболшысы 3 миллион теңгеге дейін жалақы алады. 23 жасқа дейінгі ойыншының жалақысы – 1 миллион, 21-ге дейінгі – 500 мың, ал 19-жасқа дейінгі футболшыға 300 мың теңге көлеміндегі еңбекақы тағайындау қажет. Ал егер футболшы бұдан көбірек алғысы келсе әрі соған лайық болса, онда басқа біріншілікке барсын. Ойыншылардың агенттері неге оларды Азияға жібермейді? Қазір азияның футбол нарығы қарқынды, ақшаның бәрі сонда. Одан кейін бұдан біздің құрама да ұтар еді ғой. Маған сеніңіздер, Азияда қазір бәсекелестік өте жоғары және ол жаққа барған футболшының деңгейі жедел өсер еді», - деді Б. Есмағамбетов.
Айта кетейік, қазір легионерлерге лимит қойып, шетелдік ойыншылардың жалақысын қазына қаржысынан төлеуге шектеу қою мәселесі талқылануда.
Біздің серіктес: FONBET