Жарнама
Жарнама

Футбол жейделеріндегі нөмірлер жайында қызықты деректер

18.05.2020, 01:26
Футбол жейделеріндегі нөмірлер жайында қызықты деректер.
Жарнама
Жарнама

Футбол жейделіріндегі нөмірлер жайында қызықты деректер.


Тарихы:


Ең алғаш футбол тарихында «Арсенал» мен «Челси» арасындағы матчта нөмірлі жейделер киіліп шықты. Қос Лондондық клубтар арасындағы дерби 1928-ші жылдың 13-ші Қазан күні болатын. Бірнеше уақыттан соң бұл тәсілді өзге де клубтар қолдана бастады.


Ал нағыз футбол тойында, яғни "Әлем Чемпионатында” бұл үрдіс 1950 жылдан, бүгінгі күнге дейін қолданыста. Ал қазіргі таңда футбол жейделерін нөмірсіз елестету мүмкін емес. 


Қызықты деректер:


Футбол да негізінен 1 ден бастап 99-шы нөмірге дейін таңдауға рұқсат берілген. Бірақ бұл заң Марокколық Зеруалиге әсер еткен жоқ. Себебі Шотландияның «Абердин» сапында доп тепкен Хишам Зеруали алаңда 0 санымен өнер көрсетті. Жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған Хишамды жергілікті жанкүйерлер Зеро деп те атап кетті.

 Өкінішке орай біраз жылдан соң Зеро көлік апатынан қаза тапты. Содан бері бұл нөмірде «Абердин» клубының басшылығы, өзге ойыншыларға өнер көрсетуге тыйым салған.


Бір кездері Мексикалық «Ягуар» клубының ойыншысы Адольфо Баутиста командаластарынан ерекше болып 100-ші нөмірдегі жейдені таңдады.


Мексикада мұндай ерекше нөмір алғаш рет және соңғы рет орын алған жоқ. Өйткені одан кейін дәл сол Мексика елінде 1996-97 жылдары Хесус Аррелано «Монтерри» сапында 400-ші нөмірде ойын көрсетті. Оның бұл қылығына клуб басшылығы қарсылық көрсеткен жоқ. Себебі сол уақытта клубтың құрылғанына 400 жыл болатын.


Қандай жейде де, қандай нөмірде болса да, ойыншы өзінің деңгейіне лайықты ойын көрсетуі керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров