«Челси» мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Н'Голо Канте 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Украинамен (1:1) болған ойында жарақат алып қалғандықтан, Қазақстанмен болатын матчқа қатыспайды. Бұл туралы Франция футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Футболшы бұлшықетін зақымдап алған, соған байланысты өз клубының орналасқан жеріне қайта оралмақ.
Айта кетейкк, 28 наурызда Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Франциямен кездеседі. Ойын «Астана Арена» стадионында көрерменсіз өтеді. 19:00-де Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Біздің серіктес: FONBET