Франция құрамасының футболшысы 2018 жылғы әлем чемпионатының алтын медалін аукционда сатып жіберді, деп хабарлайды "Le Soir" ақпараттық басылымы. Дереккөздің хабарлауынша, алтын медальды аукционға қойған ойыншының аты-жөні жария етілмеген. Медаль 66 мың еуроға сатылды.
Сонымен қатар аукционда 1994 жылғы әлем чемпионаты мен 2002 жылғы әлем чемпионатында Бразилия жеңіп алған алтын медальдар да сатылған. Олар тиісінше 44 мың еуро және 46 мың еуроға бағаланған.
Естеріңізге салайық, 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтке болатын. Турнирдің финалында Франция құрамасы Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді. Жеңімпаздар қатарында Антуан Гризманн, Поль Погба, Килиан Мбаппе гол соқса, тиісінше хорват шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасына бір гол салып алған еді. Хорватия құрамасы үшін Иван Перишич пен Манджукич гол соққан болатын.
Біздің серіктес: FONBET