Жарнама
Жарнама

Франк Рибери енді қай клубта ойнағысы келетінін айтты

29.07.2019, 05:56
Жарнама
Жарнама

«Баварияның» бұрынғы ойыншысы өз еліндегі қай ұжымға қосылғысы келетінін ашып айтты.

«Монако» командасының өкілдері жақында ғана Мюнхеннің «Бавариясымен» қош айтысқан тәжірибелі жартылай қорғаушы Франк Риберимен келіссөздер жүргізуге тырысқан. Алайда Рибери келіссөздерден бірден бас тартыпты. Себебі, Франк Францияда тек өзі 2005-2007 жылдар аралығында өнер көрсеткен «Марсель» сапына ғана ауысқысы келетінін мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ өкілдері 36 жастағы ойыншыны «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп өз командасының қатарына қосқысы келеді, деп хабарлаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров