Атақты «France Football» басылымы Франция құрамасының 2022 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінде кездесетін командаларда ойнайтын ең мықты бес футболшы жайында жазған материалында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновты атап өтті.
«Өзінің 22 жасында қазақстандық шабуылдаушы жартылай қорғаушы өз елінің жарық жұлдызына айналған және шетелдік чемпионатта ойнайтын санаулы ойыншылардың бірі. Зайнутдинов «Астанада» ашылып, ресейлік «Ростовқа» ауысты, ал өткен жылы тамызда атақты ЦСКА сапын толықтырды.
Ресей астанасының намысын қорғайтын командадағы жоғарғы бәсекелестікке қарамастан, Тараздың тумасы Беларусь бапкері Виктор Гончаренко командасының айнымас бөлшегіне айналып отыр. Және ол мұның бәрін... сол жақ қорғаушы позициясында жасап жүр! Өйткені, Зайнутдинов шабуылдаушы жартылай қорғаушы болса да, сол жақ қорғаушы ретінде де ойнай алады. ЦСКА-ға келгеннен кейін қазақстандық жартылай қорғаушы сол қапталдағы қорғаушыға айналды, ал кей ойындарда тіпті оң қапталда ойнады. Бұл оған өзін жақсы жағынан көрсетуге кедергі келтірмеді. Ол ЦСКА құрамында тек бұрынғы командасы «Ростовпен» болған матчқа ғана қатыса алмады.
Әмбебап және техникалық жағынан өте мықты, ол Франция құрамасының осы жексенбідегі Қазақстанға жасайтын ұзақ сапарындағы баса назар аударуы керек ойыншылардың бірі болмақ», – деп жазады «France Football».
Біздің серіктес: FONBET