ФИФА Лондон қаласында өткен маусымның үздіктерін марапаттады. Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының нұсқасы бойынша жылдың 11 таңдаулы футболшысы анықталды.
Бір қызығы, таңдаулы құрамға 2018 жылғы әлем чемпионатының және ФИФА-ның дауыс беруінің қорытындысы бойынша үздік қақпашы атанған Тибо Куртуа таңдаулы құрамға ілінген жоқ. Оның орнына мамандар әлем чемпионатында өрескел қателік жіберген және «Манчестер Юнайтедпен» биыл бірде-бір жүлде ұтпаған Давид де Хеаны қосыпты.
Сонымен, ФИФА-ның нұсқасы бойынша таңдаулы 11 ойыншы мыналар:
Қақпашы: Давид де Хеа (Манчестер Юнайтед, Испания);
Қорғаушылар: Дани Алвес (ПСЖ, Бразилия), Серхио Рамос («Реал Мадрид», Испания), Рафаэль Варан («Реал Мадрид», Франция), Марсело («Реал Мадрид», Бразилия);
Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич («Реал Мадрид», Хорватия), Н'Голо Канте («Челси», Франция), Эден Азар («Челси», Бельгия);
Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция), Лионель Месси («Барселона», Аргентина), Криштиану Роналду («Ювентус»/«Реал Мадрид», Португалия).