Жарнама
Жарнама

ФИФА Қазақстанда футболды дамыту үшін ҚФФ-ны қолдауға дайын

09.09.2022, 21:06
Әділет Бәрменқұлов ФИФА президентімен кездесті.
Жарнама
Жарнама

ФИФА-ның Париждегі еуропалық кеңсесінде ФИФА Президенті Джанни Инфантино мен ҚФФ басшысы Әділет Бәрменқұлов арасында кездесу өтті.

Кездесуде қазақстандық делегация еліміздегі бұқаралық футболды дамыту жобасын ұсынды. Жобада футболды насихаттау, дайындық және жарыс жүйелері, сонымен қатар футбол инфрақұрылымын жақсарту мәселелері де қамтылған.

Джанни Инфантино сол жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан футбол федерациясына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық футбол мамандарына арналған білім беру процесін ұйымдастыруда ФИФА-ның техникалық командасы көмек көрсететінін жеткізді.

Тараптар ФИФА мен ҚФФ ынтымақтастығы аясында Қазақстан аумағында  ФИФА іс-шараларын өткізу, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтарының өзара қарым-қатынасын жақсарту сұрақтарын талқылады.

Осы сұрақтарды әрі қарай талқылау мақсатында ФИФА басшысы Джанни Инфантино Қазақстан келуге дайын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров